Осы айтулы жарысқа «Алматы» спорт клубының 7 спортшысы Қазақстан Республикасы атынан жарыс жолына шығып қомақты жеңіске қол жеткізді. Атап айтқанда грек-рим күресі бойынша спортшыларымыз 1 күміс, 2 қола медалға қол жеткізсе, еркін күрестен 1 алтын, 1 қола медаль, барлығы 5 медальды иемденді. Жарыс жолына шыққан 2 спортшымыз ширек финалда өнер көрсетіп 5 орынға табан тіреді.
Спорттың еркін күрес түрі бойынша Шонку Хайратхаан, Қазақстанда тұңғыш рет Әлем чемпионы болып тарихқа енді.
Жекелей салмақ дәрежесі бойынша !
Грек-рим күресі – ересектер арасында
1. Шонку Хайратхаан 130 кг. ІІ-орын.
2. Тажиев Асылжан 98 кг. ІІІ-орын
3. Игенбаев Ғабит 66 кг. ІІІ-орын
Еркін күрес-ересектер арасында
1. Шонку Хайратхаан 125 кг. І-орын
2. Тажиев Асылжан 97 кг. ІІІ-орын
