Ал ерлер арасында ядро лақтырудан 35 класс тобы бойынша Нужных Вячеслав 5.63 көрсеткішімен бірінші орын, Мұстафа Дархан 36 класс тобы бойынша 9.90 көрсеткішімен бірінші орын, Мансурбаев Равил болса 46 класс тобы бойынша 13.35 көрсеткішімен бірінші орын алды және жарыстың рекордын жаңғыртты. Көру мүшесі төмен спортшылар арасында ядро лақтырудан Алматы қаласы атынан шыққан Валетдинов Ильдарға шақ келер спортшы табылмады.
Пауэрлифтинг бойынша жарыс жолына шыққан төрт спортшымыздың ішінде 65 кг. салмақта өнер көрсеткен Жарылғапов Ақжол қарсыластарын көш ілгері тастап алқыннан алқа тақса, үш спортшымыз мықтылар санына қосылатын төрттіктен көрінді. Сонымен жарыстың екінші күнінде Алматы қаласының командасы барлығы 12 медал, оның ішінді 10 алтын, 2 күміс медальмен көш басына шықты.
