Осы айтулы жарыста Алматы қаласының атынан сынға түскен «Алматы» спорт клубының мүшесі Айқынбаев Абдығани 25 және 18 м. қашықтықта жеңімпаз атанса, Менгельбеков Сәрсенбек жүлделі екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ әйелдер арасында сынға түскен Айгозова Сауле осы қашықтықта жеңімпаз болып садақ атудан Спорт шебері нормасын орындаса, екінші спортшымыз Усибалиева Мансия жүлделі екінші орынды иемденденіп командамызға қомақты үлес қосты.
Спортшыларымызды осы жеңістерімен құттықтаймыз!
