Осы айтулы жарысқа «Алматы» спорт клубының 6 спортшысы Алматы қаласы атынан жарыс жолына шығып қомақты жеңіске қол жеткізді. Атап айтқанда жекелей біріншілікте Камалова Мадина барлық қарсыластарынан басым түсіп алтыннан алқа тақса, Туленгутов Бекжан жүлделі үшінші орынды иемденді. Сонымен қоса Камалова Мадина әйелдер арасында жұптасып ойнауда І орын алса, ал аралас жұпта Туленгутов Бекжанмен қосылып ІІ орынды иемденді.
«Алматы» спортклубынан жасақталған Алматы қаласының спортшылары әйелдер арасында командалық ІІ орынды иемденсе, ерлер арасында командалық ІІІ орынды иемденді.
Осы өткен Қазақстан чемпионатында жоғары көрсеткішке қол жеткізген Камалова Мадина Қазақстан ұлттық команда сапында Стамбул қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
