7 турдан тұратын шахмат, дойбы жəне тоғызқұмалақтан жарысқа түскен Алматы қаласының спортшылары өз кездесулерін жеңіспен бастады.
Ал үстел теннисінен өз класс тобы бойынша жекелей кездесуде сынға түскен Бадуова Эльдана барлық қарсыластарын жеңіп алтын медаль иемденсе, Əлімбекова Бақыткүл жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
7 класс тобы бойынша өнер көрсеткен қос қызымыз Исаева Камила мен Амраева Зорэм жартылай финалға жолдама алды.
Сондай ақ, осы спорт түрінен ерлер арасында өнер көрсеткен Ауданбеков Ахат пен Оразбек Азамат өз топтарынан 1 орын алып, жартылай финалға шықты.
Үстел теннисінен жеке кездесу бойынша жарыстар ертең өз мəресіне жетеді. Жоғарыда аталған спортшыларыларымызға ертеңгі күн жүлделі болсын деп тілейміз.
